«Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі

«Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - «Сайлау» ААЖ) – сайлаушыларды есепке алуды, дайындық, тіркеу және дауыс беру процестерін, дауыс беру қорытындыларын шығаруды, дауыс беру нәтижелерін дайындау мен көрсетуді, Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына дауысқа түсуші кандидаттар туралы мәліметтерді автоматтандыратын міндеттердің функционалдық кешендерінің жиынтығын білдіреді.

«Депутаттар мен сайлау ұйымдастырушылары туралы мәліметтер» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі

«Қазақстан Республикасының депутаттары мен сайлау ұйымдастырушылары туралы мәліметтер» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, Қазақстан Республикасының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының, аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округ құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдары әкімдерінің, барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының, осы лауазымдарға кандидаттардың дерекқорын жүргізуге, сондай-ақ әрбір өңір және тұтастай республика бойынша есепті қалыптастыруға арналған.

Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсы

ҚР ОСК интернет-ресурсы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттік билік органдарының және жұртшылықтың ҚР ОСК-ның қызметі туралы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету, сонымен қатар ҚР ОСК-ның ақпараттық имиджін ілгерілету мақсатында жасалған.

ҚР ОСК интернет-ресурсының жұмыс істеуін техникалық сүйемелдеуді, оны бағдарламалық-техникалық қолдауды, сонымен қатар ағымдағы өзгерістерді енгізуді «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - «ҚР ОСК ИТО» РМК) жүзеге асырады.

ҚР ОСК интернет-ресурсына орналастырылатын ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады. ҚР ОСК интернет-ресурсындағы Web-парақша ағылшын тілінде де жүргізіледі.


Таңдаушыларды электрондық тіркеу және қорытындыларын шығару

РМК әзірлеген ҚР ОСК интернет-ресурсының функционалы таңдаушыларды тіркеу барысын және дауыс беру қорытындыларын шығаруды көрсету үшін әзірленді.

Функционал ҚР ОСК интернет-ресурсын барлық пайдаланушыларға өңірлерде таңдаушылардың тіркелу барысын нақты уақыт режимінде бақылауға, тіркелу мен дауыс беру аяқталғаннан кейін дауыс берудің алдын ала қорытындыларын көруге мүмкіндік берді.